Сәуірдің соңында еліміздегі 2000-ға жуық мектепте 100 мыңнан астам 4-ші және 9-шы сынып оқушылары арасында білім мониторингі ұйымдастырылады. Бұл шараның мақсаты — оқушылардың білім сапасын бағалау үшін отандық зерттеу құралын қолдану. Мониторинг оқу бағдарламаларының тиімділігін талдауға және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Мониторингтің мазмұны
Мониторинг функционалдық сауаттылықтың оқу, математикалық және жаратылыстану бағыттарын қамтиды. Сонымен қатар, білім алушылардың жетістіктерін өлшеу үшін білім беруге әсер ететін әртүрлі контекстік факторларды анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Сауалнаманы оқушылар, педагогтер, мектеп басшылары және 4-сынып оқушыларының ата-аналары толтырады.
Зерттеу рәсімі
Зерттеу рәсімі стандартталған және халықаралық тәсілдерге сәйкес ұйымдастырылған. Мониторингтің негізгі нәтижесі — білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жүргізу, сонымен қатар әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың басында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі халықаралық RCEC сапа белгісін алады.

Комментарии
Оставить комментарий