Түркістан облысының Мәдениет басқармасында Конгресс Холл кешенінің қызметкерлерімен терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірме профилактикалық жұмыстары ұйымдастырылды. ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталық бөлімінің үйлестіруімен өткізілген шараның басты мақсаты – кешеннің басшылығы мен қызметкерлеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министірінің 2024 жылғы 31 шілдедегі №334 бұйрығын түсіндіру болып табылады. Бұл бұйрықта мәдениет саласындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілген.
Шараның мазмұны мен өткізілуі
Іс-шара барысында қатысушыларға діни сауаттылықты арттыру және жастарды радикалды ағымдарға тартудың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, нақты мысалдарды пайдалана отырып, объектілерде алғашқы әрекет ету алгоритмі, күдікті адамдар мен заттарды анықтау әдістері, сондай-ақ лаңкестік әрекеттердің алдын алу тәсілдері таныстырылды. Қатысушыларға қылмыс жасау немесе қатер төндіру туралы хабарламаларды (телефон, почталық арна, электрондық почта және т.б.) қалай жасаудың жолдары туралы ақпарат берілді.
Шараның қорытындысы бойынша, ҚР ТҚО Штабы дайындаған оқу бейнематериалдары көрсетілді. Жиын барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толығымен жауаптар берілді. Бұл іс-шараның нәтижесінде Конгресс Холл кешенінің қызметкерлері терроризм қаупіне қарсы әрекет ету дағдыларын меңгеріп, қауіпсіздік шараларын күшейту туралы ақпарат алды.
Аталған профилактикалық жұмыстар Түркістан облысында терроризмге қарсы күресті күшейту мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай шаралар, қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ радикализацияның алдын алуға ықпал етеді. Конгресс Холл кешенінің қызметкерлері алған білімдері мен дағдыларын практикада қолдана отырып, қауіпсіздік деңгейін арттыруға үлес қосатын болады.


Комментарии
Оставить комментарий