2025 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының құмар ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзуға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске (ӘҚБтК) өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер № 247-VІІІ Заңымен бекітілді.
ӘҚБтК-тің 445-бабы 10-1 және 10-2-бөліктермен толықтырылды:
Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға қатысты жаңа талаптар
10-1. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын құмар ойын бизнесін ұйымдастырушының аппараттық-бағдарламалық кешендерді бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етпеуі немесе бұрын жүзеге асырылған интеграциядан бас тартуы:
- Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл;
- Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл;
- Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру.
10-2. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын құмар ойын бизнесін ұйымдастырушының бірыңғай есепке алу жүйесінде тіркелмеген ставкаларды қабылдау және ұтыстарды төлеуге тыйым салуды сақтамауы:
- Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл;
- Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл;
- Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру.
Ұялы байланыс операторларының жауапкершілігі
Сонымен қатар, ӘҚБтК-тің 637-бабы бойынша ұялы байланыс операторлары үшін де жауапкершілік енгізілді. Ұялы байланыс операторының халықтың абоненттік ұялы байланыс құрылғыларына құмар ойындар және (немесе) бәс тігулер туралы жарнамасы бар мәтіндік хабарламаларды тарату қызметтерін көрсетуі:
- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 айлық есептік көрсеткіш;
- Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 айлық есептік көрсеткіш;
- Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 айлық есептік көрсеткіш.
Комментарии
Оставить комментарий