Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында маңызды шаралар қолға алынуда. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуы және оларды қолдау мәселелері талқыланды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы баяндама жасап, басқармаға қарасты 12 коммуналдық мемлекеттік мекеме мүгедектігі бар азаматтарға әртүрлі қызметтер көрсететінін атап өтті.
Қаржыландыру көлемі
Бүгінде республика бойынша 737,4 мың мүгедектігі бар адам тіркелген, олардың ішінде 102 401-і Түркістан облысында есепте тұр, бұл облыс халқының 4,6%-ын құрайды. Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін биыл 19,6 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар адамдарды оңалту бағдарламасы аясында 2026-2028 жылдарға 44,3 млрд теңге қарастырылған.
Мониторинг және бақылау
Бөлінген қаржы келесі жылдан бастап аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің балансына беріледі. Осы қаржыны мақсатты әрі тиімді пайдалану үшін мониторинг жүргізу жоспарланған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров, жауапты басқармалар мен мекеме басшыларына әлеуметтік қолдауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.




Комментарии
Оставить комментарий