Түркістанда "TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025" халықаралық инвестициялық форумы өтті. Оған 300-ге жуық компания басшылары мен инвесторлар қатысты. Форумның негізгі мақсаты – аймақтың инвестициялық әлеуетін таныстыру, экономикасын әртараптандыру және шетелдік компаниялармен іскерлік байланыстарды нығайту.
Форум барысында көрме ұйымдастырылып, өңірдің қолөнер бұйымдары, туристік нысандары мен ауыл шаруашылығы өнімдері таныстырылды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров форумның маңыздылығына тоқталып, жаңа бастамаларды жүзеге асыру үшін алаңның қажеттілігін атап өтті. 2025-2028 жылдар аралығында 111 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Инвестициялық меморандумдар
Форум аясында 432,2 млрд теңге тартатын 7 меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумдар "Қазақстан-Қытай" индустриалды аймағын құру, текстиль өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы жобалары сияқты бағыттарды қамтиды. Нұралхан Көшеров өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыра отырып, инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар ғимараттарды ұсыну мүмкіндігін айтты.
Форумда пленарлық отырыстар өтті, онда шетелдік және отандық спикерлер инвестициялық мүмкіндіктер туралы пікір алмасты. Сессиялар барысында G2B және B2B келіссөздер жүргізілді. Түркістан облысының әкімдігі мен әлемнің жетекші компаниялары арасында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша келісімдер жасалды.
Биыл 58 инвестициялық жоба қолға алынып, 8 250 жаңа жұмыс орны ашылады. 2025 жылға дейін облысқа 475 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту жоспарлануда. Бүгінгі күні 34 инвестжоба іске қосылып, 4 889 адам жұмыспен қамтылды.










Комментарии
Оставить комментарий