Есіл ауданында өткен семинар экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне арналды. Іс-шараға ауылдық округтердің және Красногорский кентінің мамандары қатысты.
Семинарды Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Оның басты мақсаты – қоғамда теріс діни идеологияның таралуын тоқтату, зиянды ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және конфессияаралық келісімді нығайту.
Діни ахуалды тұрақтандыру
Ақмола облысы Дін істері басқармасының жетекші маманы Зарина Рашидқызы сарапшы ретінде сөз сөйледі. Ол теріс діни ағымдардың жастарға әсер ету тәсілдері мен оларға қарсы ақпараттық профилактика жүргізудің тиімді әдістерін түсіндірді.
Семинар барысында қатысушыларға ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыстары мен тәжірибелері ұсынылды. Бұл шара өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған.



Комментарии
Оставить комментарий