Кәсіпкер форс-мажорлық жағдайды қалай анықтауға болады
Көптеген кәсіпкерлерге «форс-мажор» - термини таныс
Форс-мажорлық жағдайлардын туындауы, шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндік бермейді. Әсіресі, мұның маңыздылығын, кәсіпкерлер өткір карантинді шектеулер кезеңінде сезінді.
Алайда, келісімшарт бойынша, өз міндеттемелерін орындамауға құқылы болу үшін, форс-мажор жағдайлары ресми түрде танылуы керек. Ол үшін ең алдымен форс-мажорлық жағдай туралы куәлікті алу керек. Бұл құжатты алу үшін қайда жүгіну керек?
Куәлікті Сыртқы сауда палатасы береді. Кәсіпкерге керек құжаттарды дайындап, электронды поштасына жіберуі керек:
- өтініш;
- ЖШС-нің мемлекеттік тіркеуі туралы куәлік немесе жеке кәсіпкердің, кәсіпкерлік қызметті бастағаны туралы хабарлама;
- төлем үшін шот-фактура туралы мәліметтер;
- келісімшарттың сканерленген көшірмесі, оның қосымшалары, спецификациялар және т.б.
- теміржол жүкқұжаттары, экспедитормен жасалған келісімшарттар, тауарларды уақытша сақтау қоймасына жеткізу туралы хат және т.б.
Сыртқы сауда палатасы – ұсынылған құжаттарға баға беруге құқылы. Қызмет құны (келісімшартқа) – 15 АЕК (2021 жылы 43 755 тг.) ҚҚС есебімен. Егер, Палата - кәсіпкердің жағдайы, келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына объективті түрде кедергі бола алмады деп есептесе, онда куәлік беруден бастарту мүмкін екенін ескеру қажет. Бұл жағдайда төлем қайтарылмайды.
Егер жағдайлар, келісімшарттың орындалуына шынымен кедергі болса, өтініш беруші тиісті куәлігін алады.
Егер келісімшарт бойынша, мерзімі өткен міндеттемелердің мөлшері 100 000 теңгені құраса немесе деін болса, онда куәлік үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ.
Егер мерзімі өткен міндеттемелердің мөлшері 100 000 теңгеден асып кетсе, 15-АЕК-тен басқа, сіз келісімшарт бойынша мерзімі өткен немесе орындалмаған міндеттемелер сомасының тағы 1% төлеуге тура келеді (бірақ 850 АЕК-тен аспайды).
Кәсіпкерлер форс-мажорлық жағдай туралы куәліктің болуы, міндеттемелерді орындаудан босатпайтынын есте ұстауы керек: ол компанияны тек шығындардан, айыппұлдардан, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өндіруден қорғайды. Шектеу шаралары аяқталғаннан кейін, компания келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы керек.
Куәлікке ие болу фактінің өзі, жағдайды, форс-мажорлық жағдай ретінде тануға мүмкіндік бермейтінін де есте ұстаған жөн. Бұл экономикалық соттың құзіретіне жатады. Сыртқы сауда палатасы берген куәлік, соттағы маманды дәлелдердің бірі болады, бірақ ол ұйымның пайдасына шешім қабылдауға кепіл бола алмайды.
-
Нетаньяху расширяет границы: новая глава южного Ливана?31-03-2026, 04:40 6
-
Трамп угрожает Ирану: 48 часов на сделку или "обрушится весь ад"Сегодня, 03:05 4
-
Токаев на Совете безопасности: новые поручения в действии30-03-2026, 21:05 3
-
Казахстанский спортсмен вошёл в историю на чемпионате мира по ушу-саньда в Китае31-03-2026, 02:35 3
-
Восточный Казахстан: скандал с замакимом и рекорды погоды20-03-2026, 01:05 33
-
Сайт для бизнеса Павлодар: зачем он нужен в 2026 году22-03-2026, 16:55 16